Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды
Ұлттық парк Қарағанды өңірінде орналасқан
Экология министрі Cерікқали Брекешев Twitter-парақшасында Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылғанын хабарлады.
7 желтоқсанда Үкіметтің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды. Парк Қарағанды өңірінде орналасқан, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.
Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.
«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.