Ақтоты Райымқұлова Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасын таныстырды
Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.
2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2018-2020 жылдары — «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры.
2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.
2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.
Еске салайық, биыл 10 қазанда 2019 жылдың 30 қаңтарын бастап Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен атқарған Серік Сәпиев қызметінен босатылды.