Halyq Uni логотип
×

Қазақстаннан 40 гастарбайтер шығарылды

Заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдарға қатысты 5 қылмыстық іс тіркелді

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2023 | 16:29
Қазақстаннан 40 гастарбайтер шығарылды
фото: polisia.kz

Алматының көші-қон полициясы «Нелегал» іс-шарасының нәтижесінде елімізден соңғы үш күнде 40 гастарбайтер шығарылғанын хабарлады.

Полицияның мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын 281 шетел азаматы бұзып, заң бұзушылықтың 405 дерегі анықталған.

Сонымен бірге елімізде шетелдіктердің заң жүзінде жүріп-тұруын уақытында қамтамасыз етпеген 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 адам шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған.

Қазір жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетел азаматы полицияның уақытша қабылдау орнына орналастырылды. Сонымен қатар Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, іс-шарада заңсыз көші-қонмен айналысқан адамдарға қатысты 5 қылмыстық іс тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама