Оның үстіне Францияның шабуылшысы қомақты бонус алады
«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Sports Zone хабарлады.
Осыған байланысты ПСЖ шабуылшыны алмастыратын ойыншыны іздеп жатыр деген дерек шықты. Мбаппе жазғы трансферлік кезеңде командадан кетсе, оның орнына «Манчестер юнайтед» жасағының шабуылшысы Маркус Рашфорд баруы ықтимал.
Ақпарат құралының хабарлауынша, алғашқы кезде ПСЖ басшылығы Рафаэль Леауды қарастырған еді. Алайда ол «Миланмен» келісімшартын ұзартты. Енді клуб Рашфордтің өзі «Манчестер юнайтедпен» келісімшартын ұзартқысы келмеген соң шабуылшымен келіссөз жүргізуге дайын отыр.
Өткен маусымда 25 жастағы Рашфорд «МЮ» құрамында барлық турнирде 56 матч ойнап, 30 гол салып, 11 ассист жасапты.
Ал Мбаппе ПСЖ-мен келісімшарт бойынша 150 млн еуро алады. Соның 90 млн еуросы бонус ретінде алып келеді. Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Мбаппе«Реалға» ауысатын болса, испандық клуб шабуылшыға 25-тен 30 млн еуромен қоса қомақты бонус төлеуге дайын.
Егер трансфер қыста жасалса, онда Мбаппенің бонусы 100-ден 120 млн еуроға дейін өседі. Ал трансфердің өзі 250 млн еуроға дейін барады деген дерек бар. Сонда Реал» Мбаппе үшін ПСЖ-ға осыншама ақша төлейін деп отыр.