Арал теңізінің құрғаған жерінен су шықты (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Сәтбаев университетінің гидролог ғалымдары теңіздің астында тіршілік көзінің болатынын дәлелдеп берген

фото: ашық дереккөз

Арал теңізінің құрғаған жерінен су шықты. Сүйінші жаңалықты «Хабар» телеарнасы жариялады.

Телеарнаның хабарлауынша, Сәтбаев университетінің гидролог ғалымдары теңіздің астында тұщы су болатынын айтып, дәлелдеп берген.

Ұңғылау жұмыстары 500 метр тереңдікте жүргізілген. Соның нәтижесінде теңіздің құрғап кеткен бөлігінен жер асты суы шыққан. Ол алқапты суғаруға жарамды болып шықты.

Гидрогеолог ғалым Дулат Қалитовтың айтуынша, бұл жоба әсіресе, Аралдың оңтүстік жағының экологиясын қалпына келтіруге тиімді. Атап айтқанда, сексеуіл алқабын көбейтіп, көгалдандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ ол жерден аң-жануардың бәрі су іше алады. Құмның арасында пайда болатын оазис аймақтың климатына оң әсер етеді. Сөйтіп экожүйені реттейді.

500 метр тереңдікте бұрғыланған ұңғымадан секундына 8 литрден жер асты суы өздігінен шығатындай суы табылды. Судың минералдығы, былайша айтқанда тұздылығы 3,5 грамм бір литрге мөлшерінде. Нәтижесінде соларды қолдану арқылы Аралдың құрғап қалған құм болып, жаңағы жан-жаққа ұшып жатқан құмдарында ашық жатқан жерде өсімдіктер өсіруге болады, –  деді ол телеарнаға.

Бұл ауыл шаруашылық мақсатында экожүйені қалпына келтіруге арналған алғашқы жоба. Іске асып жатса, нәтиже болады. Туризмнің дамуына үлес қосады.