Жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде көз жұмған
Алматы облысында жол апатына көлік дөңгелегінің жарылып кетуі себеп болуы мүмкін. Шонжы-Қалжат жолында болғн қайғылы оқиғадан екі әйел көз жұмды, деп хабарлады КТК.
Болжам бойынша, «Лексус» көлігі жүріп келе атқанда артқы дөңгелегі жарылған. Содан кейін көлік аударылып кеткен.
Салонда 3 әйел болған. Жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде көз жұмған. Тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. 25 жастағы қыздың миы шайқалған, көптеген жарақат алған. Жағдайы ауыр.