Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Жангелді ауданында болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК елімізде шілде айында қатты құрғақшылық болатын өңірлерге болжам жасады.
Алджын ала ұсынылатын болжамға сәйкес, шілдеде Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық күтіледі, сонымен бірге ылғал тапшылығы бар аймақтардың ауданы ұлғаяды.
Бірқалыпты құрғақшылық:
Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
Қостанай облысының Амангелді ауданында,
Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз және Хромтау аудандарында,
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында,
Атырау облысының Қызылқоға ауданында,
Қызылорда облысының Шиелі ауданында.
Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Жангелді ауданында болуы мүмкін.