«-1 °C үсік жүреді»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді

Фото: news.myseldon.com

Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болатындықтан, ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұршақ жаууы мүмкін.

«26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанады. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді», - делінген хабарламада.