Қазақстан футболшылары Түркияда легионер саналмайды – БАҚ
Суперлигасының кез келген клубына түркі мемлекеттеріне есік ашылады
Қазақстан футболшылары Түркия Суперлигасында легионер болып саналмайды.
Habertürk агенттігінің хабарлауынша, Түркия футбол федерациясы 2023/2024 жылдардағы маусымнан бастап чемпионаттағы лимит ережелерін өзгеретінін хабарлады.
Жаңа қаулыға сәйкес, түркі тілдес елдердің футболшылар легионер ретінде есептелмейді. Яғни, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Әзербайжан елдерінің футболшылары Анадолы елінде легионер болып саналмайды.
Осылайша Суперлиганың кез келген клубына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінің өкілдеріне есік ашық болады.
Түркияда Қазақстан футболшылар арасынан Евгений Яровенко, Александр Меркель, Әли Әлиев, Давид Лория, Самат Смақов, Антон Чичулин сынды спортшылар ойнаған.