Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дәурен Ерболат

Температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды

Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Демалыс күндері Қазақстан аумағы атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады деген болжам бар.

Бұлттардың ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24-26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты нөсер жауып, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады.

26 маусым түнде солтүстік-батыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, - деп жазылған хабарламада.