Halyq Uni логотип
×

Енді кірістер мен мүлік туралы декларацияны мобильді қосымша арқылы беруге болады

Құжат қағаз жүзінде 15 қыркүйектен, ал электрондық түрде 15 шілдеден кешіктірмей ұсынылуға тиіс

 Динара Амантай 23.06.2023 | 10:54
Енді кірістер мен мүлік туралы декларацияны мобильді қосымша арқылы беруге болады
Фото: Halyq Uni

Енді азаматтарға кірістер мен мүлік туралы декларацияны eGov.kz порталы және egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ұлттық ақпараттық технология» АҚ мен Қаржы министрлігімен бірлесіп eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы электрондық өтініш беру үшін жаңа қызметтін қосты.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларация кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Осыған байланысты, бірінші болып мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырды. 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған азаматтардың деректерінде 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру міндеттемелері туындайды. Онда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, банктік шоттардағы ақша туралы ақпаратты көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік туралы ақпаратты көрсету қажет.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (cabinet.salyk.kz), e-Salyq Аzamat мобильдік қосымшасы (ЭЦҚ кілтінсіз болуы мүмкін), сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарына немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына бару тәртібімен және пошта арқылы қағаз жеткізгіште ұсынуға болады. Сонымен қатар биылдан бастап азаматтарға кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы портал арқылы да ұсынуға болады.

Азаматтың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі eGov.kz порталындағы «Азаматтарға» – «Кеден және салықтар» –  «Салық салу» бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызмет Egov Mobile мобильді қосымшасында «Қызметтер» – «Арнайы қызметтер» бөлімінде де тапсыруға болады.

Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «Кіріс» декларациясын (250.00-нысан) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайлары тапсырады.

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары да сервисті падаланып («Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), e-Salyq Аzamat қосымшасы және eGov.kz порталы), декларацияны ұсына алады.

Азаматтар үшін активтер мен міндеттемелер және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды қағаз жеткізгіште беру мерзімі – декларацияларды ұсыну жөніндегі міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, электрондық түрде – 15 шілдеден кешіктірмей ұсынылуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама