Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстер көбейіп жатыр

Екі ел арасындағы құқықтық база кеңейтілді

 Динара Амантай 23.06.2023 | 09:43
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстер көбейіп жатыр
Фото: Halyq Uni

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстері саны көбейіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

22 маусымда премьер-министр Әлихан Смайыловтың Әзербайжан Республикасына ресми сапарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстан тарапынан хаттамаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, ал Әзербайжан тарапынан осы елдің цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев қол қойды.

Құжатқа сәйкес екі ел арасындағы рейстерді аптасына 32-ден 42 рейске көбейту үшін құқықтық база кеңейтілді.

Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама