«Тоқаевтың шешімімен елорда Астанадан Түркістанға көшірілді»: желіде тараған ақпарат рас па?

Халық үні

Видео Қазнетте биылғы жылдың сәуір айында тараған болатын

фото: stopfake.kz

Мессенджерлерде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен елорда Астанадан Түркістанға көшірілді деген ақпарат таралған болатын. Елорданы қайта ауыстыру туралы шешім бұрынғы фейк екені анықталды, деп хабарлайды Stopfake.kz. 

Фактчекерлердің жазуынша, видео Қазнетте биылғы жылдың сәуір айында тараған болатын.

«Содан бері ештеңе өзгерген жоқ. БАҚ-та елорданы Түркістанға көшіру туралы жаңалықтар болған жоқ. Мұндай ақпараттар ҚР Президентінің сайтында да шықпады. Парламенттің ресми порталында да мұндай бастамалардың талқыланғаны туралы жазылған жоқ», – делінген мақалада.

Материалда елорданың Түркістанға көшірілуі мүмкін екені туралы ақпарат 2020 жылы пайда болғаны атап өтілді. Бірақ кейін билік оны жоққа шығарды. Осыған байланысты фактчекерлер бұл видеоның фейк екенін, оған сенудің қажеті жоқ екенін ескертті.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы хабарлама таралған, бірақ ол да фейк болып шықты.