Әлеуметтік төлемдерді 14,5%-ға арттыру көзделіп отыр
Биыл шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау күшейтіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде 1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5%-ға арттырылады.
Сондай-ақ 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеген наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке (25 530 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) дейін көтеріледі.
Осылайша, 1 шілдеден бастап төмендегі жәрдемақылар өседі:
Осылайша, жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерін 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайту қамтамасыз етіледі (Биыл 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуді ескеріп). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 37 млрд теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақыларды 14,5%-ға арттыру көзделген:
Бүгінде бұл жәрдемақылардың мөлшері - 56 794 теңге. Әлеуметтік кодекс күшіне енгенде бұл жәрдемақы 65 мың 313 теңге болады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 6,4 млрд теңге бөлінді.
Әлеуметтік кодексте сондай-ақ «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.
Қазір 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алса, енді биыл 1 шілдесінен бастап «Алтын алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградтталған көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке (25 530 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) дейін өседі.