Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады

Бір аптадан соң шетелдік көліктерді тіркеу аяқталады

 Дәурен Ерболат 22.06.2023 | 17:28
Павлодар облысында мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады
Фото: elements.envato.com

Павлодар облысында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Биыл 1 шілдеде Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталады.

Осыған байланысты қазақстандықтарға қызмет көрсету қолайлы болу үшін көлікті заңдастыруға болатын еліміздің мамандандырылған ХКҚО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы. 

МХКҚО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттарды беру – 20:30-ға дейін), сенбіде 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру – 19:30-ға дейін) өтімдерді қабылдайды.

Бұл жұмыс кестесі көліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.

Айта кетейік, Биыл 1 шілдеден бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыруға өтінім қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін түскен барлық өтінім талапқа сәйкес қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама