Қазақстанның халық әртістеріне қатысты ақпаратқа түсінік берілді

Дастан Жұмабекұлы

Мәдениет және спорт министрлігі әншілердің сахнаға тегін шығатынын мәлімдеді

фото: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның халық әртістеріне төленетін гонорарға қатысты жарияланған мәліметке түсінік берді.

Министрліктің хабарлауынша, «Ашық НҚА» порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды.

Әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді атсалысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ, – делінген хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті бұйрық жобасының біріне қосымша берілген құжатта елге танымал әншілердің қанша гонорар алып жүргені туралы мәлімет шыққан еді. Қаулы жобасына сәйкес, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсаходжаева 5 000 000 теңге, Нұржамал Үсенбаева 2 000 000 теңге алады.