Әлеуметтік желіде Илон Маск пен Марк Цукерберг сөзге келіп қалды
Екеуі де жекпе-жекке шыққысы келеді екен
Twitter әлеуметтік желісінде Илон Маск пен Meta басшысы Марк Цукерберг сөзге келіп қалды. Онда Маскке Цукербергтің Twitter-ге бәсекелес болатын желіні жасап шығарамын деген сөзі ұнамай қалған. Маск соған ашуланып, Meta басшысын жекпе-жекке шақырған.
Егер бұл рас болса, мен жекпе-жекке шығуға дайынмын, – деп жазды Маск.
Оған Цукерберг те жылдам жауап беріп, «Қай жерде кездесетінімізді айт?», депті.
Маск жауап ретінде тұрғылықты жерін көрсетіпті.
Лас-Вегас, октагон, – деп жазыпты.
«Лас-Вегас, октагон» дегені осы қаладамын, октагонға шақырамын дегенін білдіреді.
Қолда бар мәліметке қарағанда, Илон Маск бала кезінде каратэ, таэквондо және дзюдомен айналысыпты. Цукерберг болса әлі күнге дейін джиу-джитсуға барып тұрады екен. Жақында ол күрестің осы түрінен турнирді жеңіп алыпты.
Кейбір дерекке көз жүгіртсек, америкалық миллиардерлердің бұл «жекпе-жегі» елдің көңілін аулау үшін жасалған алдамшы нәрсе. Екеуінің арасында ешқандай араздық, өкпе-реніш жоқ. Бизнесмендердің арасында ондай нәрсе ешқашан болмайды.