Halyq Uni логотип
×

Өскеменде азық-түлік дүкені өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан туындаған

 Динара Амантай 22.06.2023 | 11:52
Өскеменде азық-түлік дүкені өртеніп, 30 адам эвакуацияланды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен қаласында азық-түлік дүкенін өртеніп, сауда орынынан 30 адам шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусымда сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт болған. Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанды.

Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себептері – электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама