Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік және олимпиялық рейтингтер ұпайын алады
Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, турнирге баратын ұлттық құрама анықталды. Оған 45 елден 350 дзюдошы қатысады. Ал елімізден жарыста 17 балуан күш сынасады.
Ерлер:
1. Нұрқанат Серікбаев (-60кг)
2. Шерзод Давлатов (-60кг)
3. Ғұмар Қырғызбаев (-66кг)
4. Ғұсман Қырғызбаев (-66кг)
5. Данияр Шамшаев (-73кг)
6. Жансай Смағұлов (-73кг)
7. Руслан Мұсаев (-81кг)
8. Абылайхан Жұбаназар (-81кг)
9. Ермахан Әнуарбеков (-90кг)
10. Аян Байғазы (-90кг)
11. Нұрлыхан Шархан (-100кг)
12. Бекзат Шағатаев (-100кг)
13. Әділ Оразбаев (+100кг)
14. Нұрсұлтан Қаблан (+100кг).
Әйелдер:
1. Ғалия Тынбаева (-48 кг)
2. Аруна Жангелдина (-78 кг)
3. Кәмила Берліқаш (+78 кг).
Турнирде IJF ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік және олимпиялық рейтингтер ұпайын алады. Бұл сында жеңімпазға 1000, күміс жүлдегерге – 700, ал 3 орын үшін 500 ұпайдан беріледі.