«Дауыл тұрып, бұршақ жауады»: алдағы 3 күнге ауа райы болжамы жарияланды
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» РМК 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.
«Таяу күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.
Ал температура аясында күрт өзгерістер болжанбады.