Halyq Uni логотип
×

«Бір отбасының 4 адамы көз жұмды»: Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды

Салонда атасы мен әжесі және алты немересі болған

 Халық үні 22.06.2023 | 06:37
«Бір отбасының 4 адамы көз жұмды»: Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды
фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт тәжік азаматы ажал құшты. Тағы төрт шетелдік ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының Қобда ауылы маңында болған. Hyundai Starex көлігін тізгіндеген жүргізуші жолда ұйықтап кеткен. Сол кезде минивэн аударылып, үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы бір балақай ауруханада көз жұмған. Салонда атасы мен әжесі және алты немересі болған. Қазір тізгінде болған азаматтың әйелі мен үш немересі ауруханада жатыр.

«Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Алдын ала тексеру барасында жүргізушінің көлік құралын шаршаңқы күйде басқарғаны анықталып отыр. Сол себепті барлық жүргізушілерді шаршаған күйде көлікті басқармауға шақырып, жол қозғаласы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деді Ақтөбе облысы жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама