×

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Әбілхайыр Тамабек 1994 жылдың шілдесінде Жамбыл облысында дүниеге келген

 Халық үні 25.04.2022 | 18:58
Әбілхайыр Тамабек, фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Әбілхайыр Тамабек Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Әбілхайыр Тамабек 1994 жылдың шілдесінде Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған.

2015-2020 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы.

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін — Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама