Оның ішінде екі бала көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 8.15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара – Шымкент автожолының 631 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған. Көлікті шетел азаматы жүргізген. Тәжікстан Республикасының азаматы Hyundai Starex автокөлігін аударып алған. Соның кесірінен екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қаза тапты. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды. Қаза тауып, жарақат алғандардың бәрі шетел азаматтары болған.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізушінің көзі ілігіп кеткен.