«Қазақ тілінде бірде-бір үйірме жоқ»: Алматыда тағы да тіл мәселесі көтерілді
Қала әкімі өзінің орынбасарына осы проблеманы шешуді тапсырды
Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевқа қазақ тілінде қызмет көрсетпей жатқан үйірмелерге қатысты шағымданды. Қала тұрғыны әкіммен кездесуде С.Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында қазақ тілінде бірде-бір үйірменің жоқтығын айтып, тіл мәселесін көтерді.
1 маусымда немереммен С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына бардым. Ол жақта бірде-бір қазақша үйірме жоқ. Бәрі орыс тілінде өтеді, – деп қарт әйел Алматы әкіміне шағымданды.
Qaz365.kz-тің хабарлауынша, әкім орынбасарына осы мәселені шешуді тапсырды.