Halyq Uni логотип
×

Боксшылар Астанаға оқу-жаттығуға жиналды

27 маусым мен 2 шілде аралығында «Елорда кубогы» турнирі болады

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 13:38
Боксшылар Астанаға оқу-жаттығуға жиналды
фото: ашық дереккөз

Астанда ұлттық құрама команда боксшыларының оқу-жаттығу жиыны басталды. Боксшылар астанада 26 маусымға дейін «Елорда кубогы»  турниріне дайындалады.

Оқу-жаттығудың өзі 12 маусымда басталған. Бұл турнирді кейбір жігіттерге Азия ойындарының алдындағы іріктеу жарысы десек болады. Сондай-ақ ол басқа боксшыларға керекті жекпе-жектерін өткізіп, өздерінің шеберліктерін шыңдауға арналып отыр. Біздің осы жарысымызюет тура Еуропа ойындары өтеді. Сол себептен көптеген елдер келе алмайды. Бірақ соның өзінде көршілес елдер келіп қатысады. Өзбекстан, Тәжікстан, Таиланд пен Жапония сияқты мемлекеттердің ұлттық құрамалары келеді, –  деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Оның айтынша, оқу-жаттығуда, «Елорда кубогы» тунирінде жігіттер тәжірибелерін шыңдайды. Бұл жарыс жыл сайын өтеді. Бұл біздің спортшыларды үлкен жарыс алдында тексеру болып саналады.  Ал турнирдің өзі 27 маусым мен 2 шілде аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама