ІІМ Алматы академиясының амбассадоры жүзуден әлем чемпионы атанды

Динара Амантай

Жеңімпаз өзінің жеңісін Қазақстан полициясы күніне арнады

Фото: видеодан скриншот

ІІМ Алматы академиясының амбассадоры жүзуден әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, спортшы 15-18 маусым аралығында Италияда өткен жыл сайынғы алыс қашықтықта жүзуден әлемдік марафонға қатысқан. Алия Жолдасбаева Орта теңізін ең алыс – 14 шақырым қашықтықта бірінші болып жүзіп өтіп, бас жүлдеге ие болды. Алия Жолдасбаеваның есімі бүкіл әлем бойынша жеңімпаздардың аттары жазылған тақтайда жазылды.

Жеңімпаз өзінің жеңісін  Қазақстан полициясы күніне арнады.