Halyq Uni логотип
×

Алматының әкімі АИТВ індеті шыққан аурухананың жұмысын сынады

Ауруды жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 11:24
Алматының әкімі АИТВ індеті шыққан аурухананың жұмысын сынады
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде АИТВ індетін жұқтырған науқастар емделіп жатқан орталық клиникалық аурухананың жұмысын сынады.

Ол ауруханада тергеу болып жатқанын айтты. Оның айтуныша, ережеге сәйкес, қалалық ЖИТС орталығымен бірігіп жұмыс жүргізіліп, реанимация бөліміне түскен реципиенттер, медицина қызметкерлері мен басқа да науқастар тексерілді. Осыдан кейін 13 маусымда олар ережеге сәйкес Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 14 маусымда таңертең кезектен тыс тексерулер болды. Жұмыс жалғасуда.

Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Барлығын бақылауда ұстаймыз, – деді әкім.

Кеше Денсаулық сақтау министрлігі Алматы ауруханасынан АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатқанын хабарлаған еді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада науқастар АИТВ індетін жұқтырған блолатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама