Halyq Uni логотип
×

Шымкентте халықаралық іздеуде болған шетел азаматы ұсталды

19-маусымнан бері «Заңсыз келуші» операциясы болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 10:36
Шымкентте халықаралық іздеуде болған шетел азаматы ұсталды
фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Полиция ер адамды «Заңсыз келуші» операциясының бірінші күнінде тұтқындады. Қазір оны көрші мемлекетке экстрадициялау жүргізілуде.

«Заңсыз келуші» операциясы 19-маусымнан бері жүргізіліп жатыр. Операция елімізге көші-қон заңнамасын айналып келген шетел азаматтарын анықтап, оларды экстрадициялауға арналған.

Операция кезінде Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 4 шетелдік азаматты ұстап, олар елімізден шығарылды.

«Заңсыз келуші» іс-шарасы аясында полицейлер қаладағы құрылыс объектілерін, коммуналдық үйлерді, базарларды, жатақханалар мен көпшілік жиналатын орындарды тексеріп жатыр.

Осы ретте шымкенттік полицейлер жергілікті азаматтарға да ескерту жасап отыр. Яғни, олар дер кезінде шетелдіктерді уақтылы тіркемей, заңсыз жұмыс істеткізіп қойса ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама