Қыз бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған
Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр.
«19 маусымда сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған. Сұр түсті джинсы киген Александро Юрченконың иығында қара рюкзагы бар», делінген полиция хабарламасында.
Жасөспірімнің өзге де белгілері: спорттық дене бітімді, көзі жасыл түсті, шаштары ақшыл, иығынан төмен түсіп тұрады.
Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына нөмірлерге хабарласу сұралады: +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102.