Halyq Uni логотип
×

Абай облысындағы өрт: экс-министр Юрий Ильиннен куәгер ретінде жауап алынды

Алапат өрттен 15 адам қаза тапқан еді

 Дәурен Ерболат 20.06.2023 | 19:05
Абай облысындағы өрт: экс-министр Юрий Ильиннен куәгер ретінде жауап алынды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бас прокурор Берік Асылов Төтенше жағдай экс-министрі Юрий Ильиннен куәгер ретінде жауап алынғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Парламенттің бірлескен отырысынан шыққан Бас прокурорға журналистер «Абай облысындағы өртке байланысты экс-министр Юрий Ильиннен жауап алынды ма? Оның мәртебесі қандай?» деген сұрақ қойды.

Берік Асылов тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннен жай куәгер ретінде жауап алынды. Оның мәртебесі жоқ. Ол – куәгер. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жоғары шенділерден ешкім жоқ. Өрт сөндіріліп жатыр. Сондықтан біз мамандар мен өрт сөндірушілерге кедергі жасамадық. (Өрт толық сөндірілген соң – авт.) тергеу барысында жауап аламыз, - деп жауабын ол қысқа қайырды.

Айта кетейік, Абай облысындағы өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама