Астана маңындағы өртті толық сөндіруге 1-2 апта керек – Сырым Шәріпханов
Өрттің себебі әлі анықталып жатыр
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астанадағы өртті сөндіруге қанша уақыт керегін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өртті толық сөндіру үшін біраз уақыт керек… Қазір онда 200-ге жуық адам мен техника бар. Олар кезекпен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2 тікұшақ бар – жеткілікті. Өртті толық сөндіруге шамамен 1-2 апта керек болуы мүмкін. Барлығы сыртқы факторға яғни біздің құрылымның жұмысы мен жауын-шашынның жаууына байланысты, - деді министр.
Министр өрттің қалай шыққаны әлі нақты белгісіз екенін, оның себебі анықталатынын жеткізді.
Еске салайық, 19 маусымда Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртенді. Өрт салдарынан қаланы түтін басты.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана маңындағы өрт 80 гектарға жайылды.