Алматы облысында үш адам қайғылы жағдайда көз жұмды
Қайғылы оқиға Кеген - Көкпек тасжолында болған
Алматы облысында жаңа ашылған жолда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты. Тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Қайғылы оқиға Кеген - Көкпек тасжолында болған. KIA автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, екі күн бұрын пайдалануға берілген Үлкен Алматы айналмалы жолына шығып кеткен. Сөйтіп қарсы бетте келе жатқан 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, көгалды суғаратын "-ЗИЛ көлігіне соғылады. Тұрғын мен жеңіл көліктегі жолаушы тіл тартпай кетті. Іле- шала ауыр халдегі жүргізуші де ауруханаға жете салысымен жан тапсырды.
Тағы біреуі ауруханада. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.