«Жаңбыр жауып, күн суытады»: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райын айқындайтын болады.

«Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.Солтүстікте, шығыста, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында – қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейіп, оңтүстік-батыста - шаңды дауыл болады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді», - делінген хабарламада.