«Астана маңындағы өрт 50 гектарға дейін ұлғайды»: әкім мен министр оқиға орнында жүр

Халық үні

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері алдын ала болжам бойынша 50 гектар аумақта құрғақ жерді сөндіруді жалғастыруда

Фото: ҚР ТЖМ

Астана іргесіндегі өртке қатысты сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ақпарат. жарияланды.

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері алдын ала болжам бойынша 50 гектар аумақта құрғақ жерді сөндіруді жалғастыруда. Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 18 рет су құйды, бұл 63 тоннадан астам су. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өртті сөндіруді үйлестіру үшін сол жерде.

Елордалық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола облысының жеке құрамынан 18 адам, 5  бірлік техника және Қарағанды облысынан 5 бірлік техника мен  жеке құрамнан 25 адам көмекке шықты.