Астананың маңында тұтанған өртті сөндіруге 2 тікұшақ жұмылдырылды
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді
Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 15 га аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді.
Сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды.
Өрт сөндіру штабы құрылды.
Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
«Құрметті тұрғындар, сіздерден қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:
ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз;
Егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс;
Түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз», - делінген хабарламада.