×

ІІМ қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен Серік Күдебаев туралы ақпаратты енді таратты

Қаңтар оқиғасынан кейін екі өңірдің бас полицейлері мен олардың орынбасарлары қызметінен босатылған 

 Ербол Тұрымбет 25.04.2022 | 14:16
Серік Күдебаев, фото: zakon.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін Жамбыл және Алматы облыстарының полиция департаментінің басшылары қызметінен босатылған.

Сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін орындаудан өз бетінше бас тартқаны, антын бұзғаны үшін Жамбыл және Алматы облыстары полиция департаменттері бастықтарының барлық орынбасарын тәртіптік негізде қызметінен босатылған.

Бүгін Алматы облысы полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевтың қызметінен кеткені хабарланды. Ішкі істер министрлігі оның қыста өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлады.

Еске салайық, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, генерал Жанат Сүлейменовке қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол көп ұзамай қайтыс болды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өлім себебі неден болғанын ресми хабарлаған жоқ.

Жанат Қуанышұлы Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет еткен.

Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Ол 2020 жылғы 10 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама