Halyq Uni логотип
×

Қазақстан құрамасы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Білім додасына әлемнің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты

 Динара Амантай 19.06.2023 | 11:35
Қазақстан құрамасы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы химия пәнінен әл-Бируни атындағы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өткен Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадаға әлемнің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты. Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының 4 жүлдегері енген болатын. Төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. Олар:

Әділжан Молдағұлов— Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Диас Қоршыбек — Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Әлихан Смет — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы.

Айта кетсек, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама