Премьер-министрдің кеңесшісі тағайындалды
Мұрат Жүребеков биыл Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет етті
Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Үкімет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.
Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019) бітірген.
Оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды.
2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін энергетика вице-министрі болды. Одан кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет етті.