Мәжіліс төрағасы өкімге қол қойды
20 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылдың 20 маусымы сағат 15:00-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған құжатта.