Halyq Uni логотип
×

Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады

Қылмыскер тергеу изоляторына қамалды

 Халық үні 18.06.2023 | 19:55
Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады
© Sputnik / Санат Имангалиев

Астанадағы банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған қаруланған басқыншы 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы болып шықты, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы. 

Ведомство мәліметінше, қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары (Адамды кепілге алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Анықталғандай, сағат 14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған 1993 жылғы Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан «Kaspi bank» бөлімшесін басып алған», - делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратураның мәліметінше, жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама