Полицейлер тұтқындардың барлығын босатты
Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінің бірін басып алған қарулы ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтқынға алынған банк қызметкерлерінің барлығы босатылды.
Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды. Басып алушы қауіпті емес! Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ. Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны да басқарды, – делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде келушілерді кепілдікке алғанын хабарлаған болатынбыз. Ол 7 адамды тұтқынға алып, талабы орындалмаса, 3 сағаттан кейін біріншісін өлтіретінін ескерткен.