Оқиға орнында полицейлер онымен келіссөз жүргізіп жатыр
Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде келушілерді кепілдікке алған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, елорданың Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қаруланып алған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері басқыншымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік берудi сұрайды.
Kozachkow телеграм арнасының жазуынша, басқыншының тегі еуропалық, 30 жастағы ер адам, қолында тапаншасы бар. Ол шамамен 7 адамды кепілге ұстап отыр.
Егер талабы орындалмаса, үш сағаттан кейін біріншісін өлтіретінін ескерткен. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, талабы несиеге қатысты.