«Өрт қаупі сақталады»: 18 маусымда Қазақтанның басым бөлігінде ыстық болады
Cиноптиктердің болжамынша, еліміздің шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 18 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Cиноптиктердің болжамынша, еліміздің шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік облыстары циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады: найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Республиканың батысында бұршақ жауып, оңтүстігінде дауыл болуы мүмкін. Республиканың басым бөлігінде жел күшеюі мүмкін.
Күндіз Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай облысы, Жетісу, Алматының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның шығысында, солтүстікте, Павлодардың батысында, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте Атырау, оңтүстікте, орталықта Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Қостанайдың оңтүстік жартысында, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.