×

«Атырау облысында қайғылы жағдай болды»: 4 адам қаза тапты

Жол апатынан 4 адам қаза тапты

 Халық үні 17.06.2023 | 23:37
Фото: baigenews.kz

«Доссор-Құлсары-Бейнеу» тасжолынан 10 шақырым жерде бүгін, 17 маусымда сағат 16:15-те жол апаты болды, деп хабарлады AtyrauPress.

Полициядан хабарлағандай, Toyota camry және Lada Priora көліктері соқтығысқан. Lada Priora көлігінің өртенуінен сол жерде 31 жастағы жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы көз жұмды. Екінші көліктегі тағы 2 жолаушы қаза тапты. Жүргізушісі мен 2 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама