Қазақстанда Әкелер күні алғаш рет атап өтіледі
Ертең Астанадағы Ботаникалық саябақта «Әке – отбасының тірегі» атты open talks өтеді, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтары насихаттау, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру.
«Әке – отбасының тірегі» атты open talks-ке Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен астаналықтар қатысады деп жоспарланып отыр. Оның аясында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар көрмесі ұйымдастырылады.
Іс-шара 18 маусымда сағат 10:30-12.30 аралығында өтеді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, елімізде Әкелер күні алғаш рет мерекеледі (2023 жылғы 31 мамырдағы № 426 Қазақстан Үкіметінің қаулысы).