×

Танымал қазақстандық дәрігер өмірден өтті

Денсаулық сақтау саласының ардагері 80 жаста еді

 Қымбат Елтайқызы 25.04.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

80 жасқа келген шағында денсаулық сақтау саласының ардагері, ҚазКСР-ге еңбегі сіңген дәрігер Слямбеков Болатбек Слямбекұлы қайтыс болды. Қайғылы жаңалықты Семейдің Ядролық медицина және онкология орталығы хабарлап, көңіл айтты.

БОЛАТБЕК СЛЯМБЕКОВ

1942 жылы туған. 1965 жылы Семей медициналық институтын бітірген.

Түрлі жылдары аудандарда бас дәрігер болған. Семей облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім меңгерушісі, Семей облыстық әкімшілігінің кеңесші әрі ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына арналған оңалту орталығының директоры болған. 2014-2019 жылдары Ядролық медицина және онкология орталығының бақылаушы кеңесін басқарған.

Әртүрлі марапат иегері.

Соңғы жылдары ол зейнет демалысында болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама