Бүгінгі жиында өзекті мәселелер талқыға салынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Ұлттық құрылтай қайда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық.
Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!, - деді президент ұлттық құрылтайда.