Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Абай облысындағы алапат өрттен сабақ алуға шақырды

Апаттан 15 адам көз жұмды

 Дәурен Ерболат 17.06.2023 | 11:25
Тоқаев Абай облысындағы алапат өрттен сабақ алуға шақырды
Фото: Telegram/Aqorda

Бүгінде Абай облысындағы қайғылы оқиғадан сабақ алуымыз керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, Ұлттық құрылтай арқаны кеңге салып отыратын жиын емес.

«Ол сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған.

Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. Абай облысында алапат өрт шығып, азаматтарымыз қаза тапты. Тағы да қайталап айтқым келеді: біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керек, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет.

Ел басына түскен қиындықтар, ең алдымен, біздің береке-бірлігімізді сынға салады. Осындай күрделі сәттер, ең бастысы – шынайы жанашырлық және терең жауапкершілік таныту қажет екенін айқын көрсетеді. Мұны өздеріңіз өте жақсы түсініп отырсыздар», - деді мемлекет басшысы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.

Айта кетейік, Абай облысындағы орман өртінен 15 адам қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама