БҚО-да көлік апатынан 7 жасар қыз қайтыс болды
Жүргізуші мас болып, көлікке отырған
Батыс Қазақстан облысында 7 жастағы қыз жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция мәліметінше, 15 маусымда сағат 09:00 шамасында Жымпиты – Қаратөбе автожолының 75-шақырымында көлік апаты болған. «Лада-2114» көлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші мас күйде рульге ие бола алмай аударылған.
Көлік апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Ол сонда көз жұмды, – деді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Олжас Ибрайымов.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.