Түркістан облысында жас қыздар төбелесіп, бірі ауруханаға түсті
Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр
Түркістан облысы Кентау қаласында кәмелетке толмаған қыз ауруханаға түсті. Оның анасының айтуынша, қызына үй ауласында үш қыз жабылып, соққының астына алған.
Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға маусымның 15-інен 16-сына қараған түні болған. Полицияға жас қыздың дене жарақатымен ауруханаға түскенін дәрігерлер хабарлаған. Бұл деректі Кентау полиция басқармасы тіркеп, тиісті сараптамаларды тағайындаған.
Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жәбірленуші қыздың орталық аураханаға жабық бас ми жарақаты диагнозымен түскенін хабарлады.
Қазіргі таңда ол травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр.